Іріктеуге қатысу үшін, құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кадр қызметіне қажетті құжаттарды берген азаматтық қорғау органдарының қызметкері кандидат болып табылады.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты жалақы |
|
|
min |
max |
|
|
C-SVО-4 |
251474 |
339605 |
Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшесінің бастығы
(С-SVО-4 санаты) - 1 бірлік
Функционалдық міндеттері:
байланыс және құлақтандыру желісі бойынша техникалық ерекшеліктердің жобаларын әзірлеу;
құлақтандыру және байланыс жүйесі бойынша техникалық тексерулер мен жаттығуларды жүргізу кестелерін әзірлеу;
құлақтандыру және байланыс жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізу сапасына жалпы бақылауды ұйымдастыру;
құлақтандыру және байланыс жүйесінің жабдығын есепке алу;
Департамент бөлімшелерінің байланыс және хабарлау құралдарын қолдану тәртібін ұйымдастыру;
құлақтандыру жүйесін жаңғырту процестерін ұйымдастыру;
байланыс және құлақтандыру құралдарына қажеттілікті дайындау;
байланыс және хабарландыру құралдарын сатып алуға бюджеттік өтінімге ұсыныстар енгізу;
құлақтандыру және байланыс жүйесі мәселелері жөнінде басқа мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
құлақтандыру және байланыс жүйесіне, оны одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстармен, талдау жүргізу;
ақпараттандыру және байланыс желісі бойынша Департаменттің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
бөлімше қызметі шеңберінде, байланыс және құлақтандыру саласындағы техникалық саясатты жетілдіру қағидаттары мен бағыттарын айқындайтын регламенттеуші құжаттарды әзірлеу;
азаматтық қорғау органдарының бөлімшелерінде телекоммуникациялық жабдықтардың, байланыс желілері мен жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру.
С-SVO-4 санаты бойынша іріктеуге қатысу үшін барлық кандидаттарға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары: Өрт қауіпсіздігі; Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі, Төтенше жағдайларда қорғау; Азаматтық қорғаныстың тактикалық күштерін басқару; Ақпараттық жүйелер, Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, Автоматтандыру және басқару; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, Құқықтану, құқық, құқық қорғау қызметі, Есептеу техникасы және автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету, Информатика, Математикалық және компьютерлік модельдеу, Әскери іс және қауіпсіздік, Сот сараптамасы, Техносфералық қауіпсіздік, Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтары: (техник, бағдарламалық қамтамасыз ету технигі, ақпараттық қауіпсіздік технигі).
Құжаттарды қабылдау мерзімі 2024 жылдың 03 желтоқсанынан
09 желтоқсанына дейін.
Құжаттарды қабылдау орны: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Ғ. Мүсірепов көшесі 32, анықтама үшін телефон: 8 (7152) 34-01-44, СҚО ТЖД КСБ электрондық мекенжайы [ok_dchs_sko@emer.kz].
Іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар:
конкурсқа қатысу үшін кандидат ішкі конкурс жариялаған АҚО кадр қызметіне өтініш береді.
Өтінішке қоса беріледі:
1) жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және нақты жетістіктерді көрсететін қызметтік әрекет нәтижелері бар қызметтік мінездеме (еркін нысанда);
2) басшы құрам қатарынан қызметкерлердің ұсынымдары (еркін нысанда);
3) АҚО-да кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын жүргізетін қызмет куәландырған қызметкердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы деңгейін жыл сайынғы қорытынды тексеру анықтамасы (еркін нысанда);
4) АҚО кадр қызметінің басшысы куәландырған кадр резервіне алу туралы бұйрықтан үзінді (болған жағдайда).
Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған және/немесе мерзімі бұзылған жағдайда, кандидат конкурсқа қатысуға жіберілмейді.