2024 жылғы 16 қыркүйектегі «Жүргізушілер» санаты бойынша бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеу бойынша «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Петропавл қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесінің іріктеу комиссиясының отырысы шешімі

Өткізілген әңгімелесу, сондай-ақ кандидаттар ұсынған құжаттарды зерделеу нәтижелері бойынша, оның ішінде кандидаттардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау парақтарындағы деректерге сәйкес қабылдау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

«ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы» Көкшетау қаласының оқу орталығына жіберіле отырып, кейіннен лауазымға тағайындала отырып, бастапқы кәсіптік даярлықтан өту үшін кандидат ұсынылсын:

Владислав Сергеевич Тригуб, «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» РММ Жамбыл ауданы Пресновка ауылы № 11 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері лауазымына (бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бар жалғыз үміткер – 25,4 балл).

Дата публикации
16 сентября 2024