2024 жылғы 06 тамыздағы «Жүргізушілер» санаты бойынша бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарды іріктеу бойынша «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Петропавл қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесінің іріктеу комиссиясының отырысы шешімі

Өткізілген әңгімелесу, сондай-ақ кандидаттар ұсынған құжаттарды зерделеу нәтижелері бойынша, оның ішінде кандидаттардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау парақтарындағы деректерге сәйкес қабылдау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

«ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы» Көкшетау қаласының оқу орталығына жіберіле отырып, кейіннен лауазымға тағайындала отырып, бастапқы кәсіптік даярлықтан өту үшін кандидат ұсынылсын:

Жасұлан Олжанбайұлы Нұрғалиев, «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» РММ Булаево қаласының № 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері лауазымына (бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші бар жалғыз үміткер – 44,0 балл).

Дата публикации
07 августа 2024