«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі, 150010, Петропавл қаласы, Ғ. Мүсірепов көшесі 32, анықтама телефоны: (факс) 8 (7152) 34-01-44, 8 (7152) 55-10-73, электрондық мекен-жайымыз ok_dchs_sko@emer.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері:
Жеке және заңды тұлғалардан ауызша немесе жазбаша келіп түскен өтініштерін, олар бойынша қызметтік хат-хабарлардың қабылдануы мен тіркелуін қамтамасыз ету, оның ішінде DOCUMENTOLOG, жеке қабылдау барысында келіп түскен жазбаша өтініштерді тіркеу, есепке алу, № 1-ОЛ нысаны бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің СҚО бойынша басқармасына тоқсандық есептерді тапсыру. Жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қабылдануы мен тіркелуіне талдау жұмыстарын жүргізу. Қызметтік құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асыру (іссапар куәліктері, баянаттар, өтініштер, анықтамалар). Департамент бөлімшелерінде мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмысты жүргізу.Мемлекеттік тілді дамыту сұрақтары бойынша басқа мемлекеттік органдарда Департаменттің мүддесін білдіреді. Департамент жүйесінде мемлекеттік тілді іс жүргізу тілі ретінде қызмет етуін қамтамасыз ету. Мемлекеттік тілді дамытуды бақылау жөніндегі комиссия отырысының жұмысын ұйымдастыру.
Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «Білім» (қазақ тілі және әдебиеті немесе шет тілі: екі шет тілі) немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету), немесе «Гуманитарлық ғылымдар» (аударма ісі немесе филология), немесе «Құқық» (құқықтану немесе құқық қорғау қызметі) бейіндері бойынша.
Жалпы конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару, сыбайлас жемқорлыққа шыдамау.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Функционалдық міндеттері:
Шарттар жасасуды үйлестіруді, олардың заң талаптарына сәйкестігін, шарттар бойынша міндетемелерді орындамаған және тиісінше орындамаған жағдайда мәжбүрлеу шараларын қолдануды қамтамасыз ету; Департаментке келіп түскен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жүйелі түрде есепке алынуын және сақталуын ұйымдастыру, заңды күшіне енген сот актілерін орындау бойынша шаралар қабылдау; Департамент қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда белгіленген тәртіппен бөлімнің мүддесін білдіру; заңнамада көзделген негіздер болған жағдайда Департамент пайдасына қабылданбаған сот актісіне барлық соттарда, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен шағым жасау жөнінде уақтылы шаралар қолдану, прокуратураға тәртіппен наразылық келтіру туралы өтінішхаттар беру, өз құзыреті шегінде қадағалауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және өткізу, топтың құзіретіне кіретін құқықтық оқытуға қатысу джәне ұйымдастыру; Департамент басшысының тапсырмасы бойынша құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттарды дайындау; заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда Департамент құзыретіне кіретін құқықтық мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министірлігі (әрі қарай – Министрлік) әзірлейтін нормативтык құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу бойынша Министрлікке ұсыныстар енгізу; Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша кешенді тексерулер жүргізуге қатысу; Департамент өткізетін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысады, конкурстық құжаттаманың және рәсімдердің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексереді және қажет болған жағдайда, мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жасалған қаржылық шарттарға сараптама жүргізеді; Заң тобының жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді; тексерулердің, қызметтік тексерулердің нәтижелері бойынша Топтың, сондай-ақ нақты лауазымды тұлғалардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметі жөнінде ұсыныс енгізеді.
Білімі: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «Құқық» (құқықтану немесе құқық қорғау қызметі немесе халықаралық құқық).
Жалпы конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білімі болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару, сыбайлас жемқорлыққа шыдамау.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай – ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісімнің) қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісімнің) қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың болуын тексереді:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаты;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Теріс себептер бойынша немесе олардың қызметін бағалау нәтижелері, сынақ мерзімі не аттестаттау қорытындылары бойынша шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметші және тұлға жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде конкурс қорытындылары бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға және (немесе) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсқа және сайлауға тестілеуден өтпей-ақ қатысуға құқылы, егер ол мемлекеттік органдар болып табылмайтын өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаса, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шықпаса:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы ұсынған кандидаттарға конкурстық комиссияның хатшысы осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.
Көрсетілген құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінде соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде мына мекен жайға: Петропавл қаласы, Ғ. Мүсірепов көшесі 32, анықтама үшін телефон: 8(7152)- 34-01-44, электрондық мекен-жайы: ok_dchs_sko@emer.kz ұсыну қажет.
Азаматтардың қолмақол тәртіпте немесе электрондық түрде «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесінің электрондық поштасы, немесе «Е-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде берген құжаттары конкурстық комиссияның қарауына қабылданады. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Азаматтар олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне және абыройына қатысты қосымша ақпараттарды (біліктілілігін арттыру, ғылыми дәрежелері және білімдері туралы құжаттардың, мінездемелердің, ұсынымдардың, ғылыми жариялымдардың көшірмелерін, басқа да олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтерді) ұсына алады.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесуге жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен обьективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Тіркелу үшін тұлғалар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ кадр қызметіне ұсынады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
|
Нысан |
|
|
__________________________ |
|
|
(мемлекеттік орган) |
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын
транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________
______________________
______________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-maіl: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
|
|
"___"_______________ 20 __ ж. |
|
|
"Б" корпусының мемлекеттік |
|
|
Нысан |
"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
|
________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) |
|
|||
|
_______________________________________ лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии) |
||||
|
_______________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный идентификационный номер) |
||||
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ |
||||
|
1. |
Туған күні және жері / Дата и место рождения |
|
||
|
2. |
Ұлты (қалауы бойынша) / Национальность (по желанию) |
|
||
|
3. |
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы / Семейное положение, наличие детей |
|
||
|
4. |
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы / Год окончания и наименование учебного заведения |
|
||
|
5. |
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии) |
|
||
|
6. |
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
|
||
|
7. |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии) |
|
||
|
8. |
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) / Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии) |
|
||
|
9. |
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) / Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии) |
|
||
|
10. |
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) / Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) |
|
||
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
|||
|
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность*, место работы, местонахождение организации |
||
|
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________ Кандидаттың қолы / Подпись кандидата |
_______________ күні / дата |
||
* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады