Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының                2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының іс-шараларын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы                 №802 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі шығыс № 18-03-01/339-И бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы                           30 желтоқсандағы №488 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1.Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің                   (бұдан әрі-Департамент) және «Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі»                   ММ (бұдан әрі-Өрт сөндіру қызметі) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілсін:

1) Департаменттің және өрт сөндіру қызметінің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Департаменттің және өрт сөндіру қызметінің ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

  1. Департаменттің және өрт сөндіру қызметінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобының құрамы осы бұйрықтағы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін айқындалсын.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2023 жылғы 4 қыркүйектен 13 қазанға дейін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

          Солтүстік Қазақстан облысының

 Төтенше жағдайлар департаменті

 бастығының міндетін уақытша атқарушы

 подполковник                                                                              М. Қанғожинов

 

 

 

 

№147 от 04.09.2023 года

 

Дата публикации
12 сентября 2023