Өткізілген әңгімелесу, сондай-ақ кандидаттар ұсынған құжаттарды зерделеу нәтижелері бойынша, оның ішінде кандидаттардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау парақтарындағы деректерге сәйкес қабылдау комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы» Көкшетау қаласының оқу орталығына бастапқы кәсіптік даярлықтан өту үшін келесі кандидаттарды қызметке тағайындау арқылы жіберілсін:
Жанна Манабайқызы Бекенова, Петропавл қ. 5-ӨСБ радиотелефонисті (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне) лауазымына;
Томирис Нұрланқызы Қайырғалиева, Петропавл қ. 5-ӨСБ радиотелефонисті (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне) лауазымына.