Төтенше жағдайлар бойынша
2022 жылдың қазан айына табиғи және техногендік сипаттағы 588 төтенше жағдай тіркелді (2021 ж. – 662)(-11 %), онда 58 (2021 ж. –123)(-53 %) адам зардап шекті, оның ішінде 40 (2021 ж. – 64)(-38 %) қаза тапты.
Ведомстволық бағынысты мекемелердің жедел шығулары мен жүргізген авариялық-құтқару жұмыстары
СҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мекемелерімен («ӨС және АҚЖҚ» ММ, «МАО» ММФ) 2585 (2021 ж.– 2780) жедел шығу жасалды, өткен жылмен салыстырғанда 7 % азайды, оның ішінде:
тұрмыстық сипаттағы – 560 (2021 ж. 6096), 8 % азайды;
авариялық-құтқару жұмыстары – 333 (2021 ж. – 347), 23% азайды;
құтқару және іздеу жұмыстары – 17 (2021 ж. – 38), 55 % азайды;
жол-көлік оқиғалары – 28 (2021 ж. -22), 27% артты;
өрт ретінде есепке алуға жатпайтын жанулар – 1539 (2021 ж. – 1658), 7 % азайды;
жалған шығулар және расталмаған фактілер – 108 (2021 ж. –106), 2 % артты.
2022 жылдың басынан бастап бөлімшелермен:
220 адам (2021 ж. – 289) құтқарылды, 24 % азайды, оның ішінде:
«ӨС және АҚЖҚ» ММ – 176 (2021 ж. – 275), 36 % азайды;
«МАО» ММ – 44 (2021 ж. – 14), 3 есе артты.
1183 (2021 ж. – 1458) эвакуацияланды, 19 % азайды, оның ішінде:
«ӨС және АҚЖҚ» ММ – 1174 (2021 ж. – 1454), 19 % азайды;
«МАО» ММ – 9 (2021 ж. – 4), 2,3 есе артты.
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек 47 зардап шеккенге көрсетілді (2021ж. - 43), 9 % артты, оның ішінде:
«ӨС және АҚЖҚ» ММ – 3 (2021 ж. - 9), 3 есе азайды;
«МАО» ММ –44 (2021 ж. –34), 29 % артты.
2022 жылдың басынан облыс аумағында 559 өндірістік және тұрмыстық өрт болды (2021 ж. -596) (-6%), онда 16 адам жарақат алды (2021 ж. – 37) (-57 %) және 33 адам қаза болды (2021 ж. – 41)( -19,5%). Материалдық залал 426 млн. 716 мың теңгені құрады (2021 ж. –229 млн. 775 мың теңге)(+86 %).
1765 тексеріс (2021 ж. –1420, 24 % артты) іске асырылды. 5879 өрт қауіпсіздігі ережесін бұзушылық анықталды (2021 ж. -5346), 10 % артты. Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұйғарымдар – 1389(2021 ж. -1230,13 % артты), оның ішінде 374(2021ж-182, 2 есе артты) тұлғаға қатысты жалпы сомасы 15 млн. 621 мың. 224 теңгеге (2021 ж. -8 млн. 050 мың 919 теңге, 2 есе артты) айыппұл салынды. 14 млн. 778 мың 899 теңге сомасына 359 айыппұл өз еркімен төленді.
Бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдамаларды орындамағаны үшін сотқа 124 талап арыздар мен әкімшілік хаттамалар жолданды (2021 ж. -107), 15,8 % артты.
Есептік кезеңде «112» телефонына халықтан келіп түскен қоңыраулардың саны – 176 967 құрады, оның ішінде:
- негізгі қызмет бойынша – 19 476;
- «101» - 11 442;
- «102» - 3 600;
- «103» - 5 146;
- ақпараттық-анықтамалық сипаттағы – 63 118;
- өзге де (жаңылысқан, жасырын, ойнап) –122 009.
Есептік кезеңде «101» телефонына халықтан келіп түскен қоңыраулардың саны – 11 977 құрады, оның ішінде:
- негізгі қызмет бойынша – 7 535;
- табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ әрекет ету сұрақтар бойынша-1 392;
- «102» -157;
- «103» - 152;
- ақпараттық-анықтамалық сипаттағы – 732;
- өзге де (жаңылысқан, жасырын, ойнап) – 2 009.