2022 жылдың наурыз айына табиғи және техногендік сипаттағы 137 төтенше жағдай тіркелді (2021 ж. – 179)(-23 %), онда 18 (2021 ж. – 56)(-68 %) адам зардап шекті, оның ішінде 14 (2021 ж. – 24)(-42 %) қаза тапты.
СҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мекемелерімен («ӨС және АҚЖҚ» ММ, «МАО» ММФ) 423 (2021 ж.– 479) жедел шығу жасалды, өткен жылмен салыстырғанда 12 % азайған, оның ішінде:
тұрмыстық сипаттағы – 126 (2021 ж. - 161), 22 % азайды;
авариялық-құтқару жұмыстары – 82 (2021 ж. – 109), 25 % азайды;
құтқару және іздеу жұмыстары - 5 (2021 ж. – 4), 25 % артты;
жол-көлік оқиғалары – 9 (2021 ж. -8),13 % артты;
өрт ретінде есепке алуға жатпайтын жанулар – 159 (2021 ж. – 163),2 % азайды;
жалған шығулар және расталмаған фактілер – 42(2021 ж. –34), 24 % артты.
2022 жылдың басынан бастап бөлімшелермен:
61 адам (2021 ж. – 128) құтқарылды, 52 % азайды, оның ішінде:
«ӨС және АҚЖҚ» ММ – 51 (2021 ж. – 128), 60 % азайды;
«МАО» ММ – 10 (2021 ж. – 0), 10 есе артты.
151 (2021 ж. – 730) эвакуацияланды, 79 % азайды, оның ішінде:
«ӨС және АҚЖҚ» ММ – 148 (2021 ж. – 726), 80 % азайды;
«МАО» ММ – 3 (2021 ж. – 4), 25 % азайды.
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек 11 зардап шеккенге көрсетілді (2021ж. - 0), 11 есе артты, оның ішінде:
«ӨС және АҚЖҚ» ММ – 1 (2021 ж. - 0), 2 есе артты;
«МАО» ММ –10 (2021 ж. –0), 10 есе артты.
2022 жылдың басынан облыс аумағында 128 өндірістік және тұрмыстық өрт болды (2021 ж. -166) (-23%), онда 4 адам жарақат алды (2021 ж. – 30) (-87 %) және 13 адам қаза болды (2021 ж. – 24)( -46%). Материалдық залал 83 млн. 599 мың теңгені құрады (2021 ж. –86 млн. 560 мың теңге)( -3%).
352 тексеріс (2021 ж. –262, 34 % артты) іске асырылды. 1842 өрт қауіпсіздігі ережесін бұзушылық анықталды (2021 ж. -1486), 24 % артты. Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұйғарымдар – 450, оның ішінде 128 тұлғаға қатысты жалпы сомасы 83 млн. 599 мың. теңгеге (2021 ж. -86 мың 560 теңге) айыппұл салынды. 3 млн. 798 мың 120 теңге сомасына 118 айыппұл өз еркімен төленді.
Бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдамаларды орындамағаны үшін сотқа 7 талап арыздар мен әкімшілік хаттамалар жолданды (2021 ж. -6),17% артты.
Есептік кезеңде «112» телефонына халықтан келіп түскен қоңыраулардың саны – 57 236 құрады, оның ішінде:
- негізгі қызмет бойынша – 5 584;
- «101» - 1 312;
- «102» - 1 051;
- «103» - 1 986;
- ақпараттық-анықтамалық сипаттағы – 23 914;
- өзге де (жаңылысқан, жасырын, ойнап) –23 389.
Есептік кезеңде «101» телефонына халықтан келіп түскен қоңыраулардың саны – 3 842 құрады, оның ішінде:
- негізгі қызмет бойынша – 1 920;
- табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ әрекет ету сұрақтар бойынша-106;
- «102» -67;
- «103» - 62;
- ақпараттық-анықтамалық сипаттағы – 363;
- өзге де (жаңылысқан, жасырын, ойнап) – 1 324.
Результат подписания
06.04.2022 16:25:09 Кожахметова Ж. Н.. Подписано