Төтенше жағдайлар бойынша
2021 жылы табиғи және техногендік сипаттағы 799 төтенше жағдайлар тіркелді (2020 ж. – 763)(+5%), онда 138 (2020 ж. –77)(+79%) адам зардап шекті, оның ішінде 75 (2020 ж. – 56)(+34%) қаза тапты.
Ведомстволық бағынысты мекемелердің жедел шығулары мен жүргізген авариялық-құтқару жұмыстары
СҚО ТЖД ведомстволық бағынысты мекемелерімен («ӨС және АҚЖҚ» ММ, «МАО» ММФ) 3 244 (2020 ж.– 2653) жедел шығу жасалды, өткен жылмен салыстырғанда – 22% артты, оның ішінде:
тұрмыстық сипаттағы – 754 (2020 ж. - 705), 7 % артты;
авариялық-құтқару жұмыстары – 436(2020 ж. – 381), 14% артты;
құтқару және іздеу жұмыстары - 38 (2020 ж. – 26),46 % артты;
жол-көлік оқиғалары – 30 (2020 ж. – 18),67 % артты;
өрт ретінде есепке алуға жатпайтын жанулар – 1862 (2020 ж. – 1399), 33 % артты;
жалған шығулар және расталмаған фактілер – 124 (2020 ж. –124).
2021 жылдың басынан бастап бөлімшелермен:
351 адам (2020 ж. –320) құтқарылды, 10% артты, оның ішінде:
«ӨС және АҚЖҚ» ММ – 297 (2020 ж. – 262), 13,4% артты;
«МАО» ММ – 54 (2020 ж. – 58), 7 % азайды.
1639(2020 ж. – 1649) эвакуацияланды , 1% азайды, оның ішінде:
«ӨС және АҚЖҚ» ММ – 1632 (2020 ж. – 1644), 0,7% артты;
«МАО» ММ – 7 (2020 ж. – 5), 40 % артты.
Дәрігерге дейінгі медициналық көмек 64 зардап шеккенге көрсетілді (2020ж. -81), 21 % азайды, оның ішінде:
«ӨС және АҚЖҚ» ММ – 10(2020 ж. - 13), 23,1 % азайды;
«МАО» ММ – 54 (2020 ж. –68), 21 % азайды.
2021 жылдың басынан облыс аумағында 752 өндірістік және тұрмыстық өрт болды (2020 ж. -733) (+2,6%), онда 42 адам жарақат алды (2020 ж. – 20) (+2,1 есе) және 53 адам қаза болды (2020 ж. – 44) (+9,1%). Материалдық залал 253 млн. 548 мың теңгені құрады (2020 ж. –144 млн.411 мың теңге)( 1,8 есе артты).
1637 тексеріс (2020 ж. – 1448, 13 % артты) іске асырылды. 6000 өрт қауіпсіздігі ережесін бұзушылық анықталды (2020 ж. -5015, 20% артты). Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұйғарымдамалар – 1449, оның ішінде 216 тұлғаға қатысты (2020ж. –229, -6%) жалпы сомасы 10 млн. 267 мың. 839 теңгеге айыппұл салынды. 9 млн. 801 мың 119 теңге сомасына немесе 96 % өз еркімен төленді.
ҚР ӘҚБК 462 бабының 3 тармағы бойынша сотқа- 112 (2020г. – 99, +13%) талап арыздар және әкімшілік хаттамалар бағытталды.
Есептік кезеңде «112» телефонына халықтан келіп түскен қоңыраулардың саны – 224 197 құрады, оның ішінде:
негізгі қызмет бойынша – 84 757;
«101» - 1 907;
«102» - 4 922;
«103» - 9 164;
ақпараттық-анықтамалық сипаттағы – 58 957;
өзге де (жаңылысқан, жасырын, ойнап) – 64 490.
Есептік кезеңде «101» телефонына халықтан келіп түскен қоңыраулардың саны – 12 629 құрады, оның ішінде:
негізгі қызмет бойынша – 5 273;
табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ әрекет ету сұрақтар бойынша- 1 246;
«102» -311;
«103» - 294;
ақпараттық-анықтамалық сипаттағы – 2 443;
өзге де (жаңылысқан, жасырын, ойнап) –3 062.