«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Петропавл қаласы)» мемлекеттік мекемесі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды «Служба пожаротушения и аварийно-спасательных работ Департамента по чрезвычайным ситуациям Северо-Казахстанской области Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан (город Петропавловск)» объявляет конкурс на занятие вакантных должностей

Өрт сөндіруші-құтқарушы (10 бірлік): Петропавл қаласы 2-МӨСБ – 2 бірлік, Петропавл қаласы 3-ӨСБ – 1 бірлік, Сергеевка қаласы 6-ӨСБ – 1 бірлік, Мамлютка қаласы 15-ӨСБ – 1 бірлік, Тимирязев ауданы Тимирязево ауылы 18-ӨСБ – 1 бірлік, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Чистополье ауылы 16-ӨСБ 20-ӨСБ – 1 бірлік, Ақжар ауданы Ленинградское ауылы 8-ӨСБ 24-ӨСБ – 1 бірлік, Тайынша ауданы 14-ӨСБ Чкалово ауылы 26-ӨСБ – 1 бірлік, Тайынша ауданы Келлеровка ауылы 14-ӨСБ 27-ӨСБ – 1 бірлік.

 

Конкурс өрт сөндіруші-құтқарушы лауазымының бос 5 бірлігіне жарияланады (2021 жылдың екінші жыртыжылдығына ҚР ТЖМ қызметкерлерін алғашқы кәсіби даярлау курстарының жоспар-графигіне  сәйкес).

 

Санаты С-SV-13. Лауазымдық келісімді жалақысы құқық қорғау органдарындағы еңбек өтіліне байланысты 91 542 теңгеден бастап 102 461 теңгеге дейін. Келесі әлеуметтік  топтамасы бар: лауазымдық келісімді жалақысы көлемі қызмет өтілі мен арнайы әскери атағына қарай уақтылы және тұрақты еңбекақысы, мансаптық өсуі, СҚО ПД емханасында қызметкерлер мен олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тегін медициналық қызмет көрсету. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы  қызметкерлерге отыз күнтізбелі күн ұзақтығымен беріледі (демалыстың ұзақтығы қызмет ету жылдарына қарай ұлғаяды) сауықтыру жәрдемақысы екі лауазымдық келісімді жалақы мөлшерінде төленеді. Арнайы атағын ескеріп, зейнетақыға 48 жастан бастап шығады.

 

Негізгі функциялық міндеттері:

Өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі – ортадан төмен емес. Жасы – 35 жастан аспаған. Бойы – кем дегенде 165 см.  Қарулы күштер қатарында қызмет өткеру және әскери  билеттің болуы.

 

ҚР ІІМ 2020 жылғы 13 наурыздағы «Ішкі істер органдарына қабылданатын тұлғалар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын бекіту және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздемелері»(бұдан әрі – Ережелер) №211 бұйрығы сәйкес өткізіледі (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 наурызда № 20123 болып тіркелді).

     

Құжаттарды «СҚО ТЖД ӨС ж АҚЖҚ» ММ кадрлік қызметі жүзеге асырады: Петропавл қ., Ғ. Мүсірепов көшесі 32 «А» мекенжайы бойынша ұсынылуы керек. Анықтама үшін телефондар: 8 (715-2) 52-26-36, электрондық поштасы: ok_spasr_sko@emer.kz,  қабылдау уақыты: сағат 09:00 - 18:30 арасында (сағат 13:00 -14:30 арасында түскі үзіліс).

 

Азаматтық қорғау органдарына қабылданатын тұлғалар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары

 

Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар «СҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ кадрлік қызметіне қолма-қол тәртіппен Ережелердің 7-тармағында көрсетілген, қабылдаудың белгіленген мерзімдерінде, құжаттар тігетін мұқабатысқа салынған құжаттарын тапсырады:

Құжаттарды қабылдау мерзімдері: 2021 жылғы 22 қыркүйек пен 2021 жылғы 5 қазан арасында (10 жұмыс күн).

Құжаттарын толық ұсынбау оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Үміткердің барлық құжаттарын тізбеге сәйкес тапсырған соң, кадрлік қызметі оларды 3  жұмыс күн ішінде зерделеп қарастырады, содан кейін үміткерге екі жұмыс күн ішінде психикалық-физиологиялық тексеруден және әскери-дәрігерлік комиссиясының (СҚО., Петропавл қ., Алматы к-сі,55-үй мекенжайында орналасқан Полиция Департаментінің госпиталінде) куәландыруынан өту үшін жолдамалар береді.

Үміткер медициналық куәландыру аяқталғандығы туралы «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ кадр қызметіне хабарлайды.

Медициналық және психикалық-физиологиялық куәландырудың оң нәтижесі алынған жағдайда үміткерлер Ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік қызметке қабылданатын азаматтарды арнайы міндетті тексеруін жүргізу үшін кадр қызметтеріне тиісті құжаттарды тапсырады. Құжаттар тапсыру сәтіне үміткер ешбір ұйымның және/немесе мекеменің қызметкері болмауы тиіс.

2021 жылғы 14 қазанда (яғни, оқытудың басталуына  4 күн  қалғанда) іріктеуден өту үшін үміткерлер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы» Көкшетау қ. Оқу орталығы (бұдан әрі – Көкшетау қ. Оқу орталығы) мекенжайы Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа ш/а., 8/5.

Осы Көкшетау қ. Оқу орталығында, үміткерлер дене шынықтыру даярлығынан сынақтарын және әңгімелесуден өтуді  комиссияға тапсырады.

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысу жөнідегі шығындарын (іріктеу орнына бару мен келу, тұрғын жайды жалдау, тұру) үміткер өз қаражаты есебінен өтейді.

Көкшетау қ. Оқу орталығына алғашқы кәсіптік даярлықтың тыңдаушысы өзімен бірге алып келу қажет:

1) жеке куәлігі;

2) маусымдық камуфляж түсті форма: жазғы – қалпақ, күртеше, шалбар, камуфляж түсті қысқа жең жейде және қара түсті ұзын қонышты бәтеңке; қысқы – камуфляж түсті астары жылы күртеше, шалбар немесе комбинезон, сондай-ақ жүннен тоқылған бөрік және қара түсті ұзын қонышты жылы бәтеңке;

3) спорттық форма және аяқ-киім;

4) жеке гигиена заттары;

5) жазу құралдары болуы қажет.

Тыңдаушылар бюджет қаражаты есебінен тамақтану және тұруымен қамтамасыз етіледі.

Даярлықтың өрт сөндіруші-құтқарушы бағытынан азаматтық қорғау бөлімшелері қызметкерлері үшін оқу мерзімі 35 күнтізбелі күнді құрайды (2021 ж. 18.10. - 2021 ж. 20.11. арасында).

Тыңдаушылармен Ережелердің 1-қосымшасына орай үлгі жөнінде келісім-шарт жасалады.

Дата публикации
21 сентября 2021