Хабарландыру «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері 1 бірлік, Ақжар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері 1 бірлік, «C-SVR-7» санаты, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 84 415 теңгеден 133 438 теңгеге дейін.

            Мағжан Жұмабаев ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, «C-SVR-8» санаты 1 бірлік, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 76 628 теңгеден 103 704 теңгеге дейін.

            Негізгі функционалдық міндеттері: қала, аудан аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру, ай сайын өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін салынған және төленген айыппұлдардың саны бойынша СҚО бойынша ҚСжАЕКБ-мен салыстырып тексеруді жүзеге асыру; салынған айыппұлдардың санына мониторинг жүргізеді және өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау желісі бойынша әкімшілік айыппұлдардың уақтылы өндірілуін бақылайды; төтенше жағдайлардың алдын алуға, дүлей зілзалалардан, авариялар мен апаттардан келтірілген залалды азайтуға бағытталған өрт қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүргізу; өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асыру; ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтына түсуге үгіттеу жөніндегі жұмысты жүргізеді, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою,өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау саласында ақпараттық-талдау жұмысын жүргізеді; табиғи апаттарға, авариялар мен апаттарға ұшыраған жаңа учаскелерді енгізе отырып,облыстың техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогын әзірлеуді және түзетуді жүзеге асыру, қауіпсіздік паспортын жүргізу;өртке қарсы ерікті құрылымдардың тізілімін жүргізу;жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;шешім қабылдауды және қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштер мен хабарламалар бойынша ақпаратты есепке алу кітабының автоматтандырылған дерекқорына К-2 нысандарын уақтылы қоюды жүзеге асыру;өрт,төтенше жағдайлар туралы өтініштер мен хабарламалар бойынша меншік нысанына қарамастан объектілерге барады, қажетті тексеру іс-шараларын сапалы жүргізеді.

            Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

            Жасы-35 жастан аспайды. Бойы кемінде 165 см. Қарулы күштерде қызмет ету міндетті және әскери билеттің болуы. «Ішкі істер органдарындағы кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесін бекіту туралы» ҚР ІІМ 2019 жылғы 17 маусымдағы №545 бұйрығының тізбесіне сәйкес бейіндер бойынша жоғары білім.

C-SVR-7 санатындағы лауазымдар үшін еңбек өтілі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі керек:

          1) мемлекеттік қызметте немесе судья лауазымдарында немесе атталған санаттағы нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес бір жылдан кем емес жұмыс өтілі;

2) Президенттің  жастр кадрлар резервіне алынған тұлғалар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі.

C-SVR-8 санатындағы лауазымдар үшін еңбек өтілі қажет емес.

         Конкурс «Ішкі істер органдарына түсетін адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және оны өту шарттарын, сондай-ақ оларды бастапқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» ҚР ІІМ 2020 жылғы 13 наурыздағы №211 бұйрығына, ҚР ІІМ 2016 жылғы 31 тамыздағы №870 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының ішкі істер  органдарында конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидасы мен шарттарына сәйкес өткізіледі.

            Құжаттарды қабылдауды мына мекенжайда орналасқан «СҚО ТЖД» ММ кадр қызметі жүзеге асырады: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Ғ.Мүсірепов көшесі 32, телефон: 8 (715-2) 34-01-44, эл.пошта: ok_dchs_sko@emer.kz. қабылдау уақыты: сағат 09: 00-ден 18: 30-ға дейін.

            Құжаттарды қабылдау күні хабарландыру жарияланған сәттен бастап 10 жұмыс күні.

            Іріктеуге қатысуға ниет білдірген азаматтар ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің, мемлекеттік мекемелерінің кадр қызметіне қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, құжат тігілетін папкаға орналастырылған, олар құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімінде қолма-қол тәртіпте берген мынадай құжаттарды тапсырады:

            1) осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

            2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама;

            3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

            4) өз қолымен және басылған түрде жазылған толық өмірбаян;

            5) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

            6) еңбек қызметін растайтын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері (болған жағдайда);

            7) әскери билеттің немесе шақыру учаскесіне тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда);

            8) кандидаттың соңғы жұмыс (оқу) орнынан немесе әскери қызмет өткерген әскери бөлімнен мінездеме;

            9) көлемі 3х4 см төрт фотосурет.;

            10) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

            11) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен бекітілген қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдарды, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды арнайы есепке алуды жүргізу және пайдалану қағидаларына және ұсталған, күзетпен ұсталған және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуға сәйкес нысан бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;,

            12) біліміне, жұмыс тәжірибесі мен кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, спорттық жетістіктерін растайтын құжаттар, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және басқалар) (болған кезде) қоса береді.

            13) өзіне және жұбайына кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсырғаны туралы екі данада анықтама.

            Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну оларды қараудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

            Кандидат тізбеге сәйкес барлық құжаттарды ұсынғаннан кейін кадр қызметінің қызметкерлері оларды үш жұмыс күні ішінде қарайды және зерделейді, одан кейін кандидатқа екі жұмыс күні ішінде психофизиологиялық тексеру үшін жолдамалар береді және әскери-дәрігерлік комиссияда медициналық куәландырудан өтеді. Кандидат «СҚО ТЖД» ММ кадр қызметіне медициналық куәландырудың аяқталғаны туралы хабарлауы тиіс.

            Медициналық және психофизиологиялық куәландыру нәтижелері оң болған кезде кандидаттар мемлекеттік қызметке кіретін азаматтарды ұлттық қауіпсіздік органдары міндетті арнайы тексеру жүргізу үшін кадр қызметіне тиісті құжаттарды береді.

            Үміткерлер іріктеуден өту үшін, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы Сарыарқа ш/а, 8/5 үй  мекенжайында орналасқан «ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты» РММ оқу орталығына келеді.

            Кандидат алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысу бойынша шығыстарды (іріктеу жүргізілетін жерге бару және қайту, тұрғын үй-жай жалдау, тұру) өз қаражаты есебінен жүргізеді.

            Көкшетау қаласының «ҚР ТЖМ КТИ» ОО-ға бастапқы кәсіби даярлықты жүргізуге қабылданған тыңдаушының өзімен бірге болуы қажет:

            1) жеке куәлік;

            2) маусым бойынша бүркеніш түсті нысанды: жазғы-қалпақ, күртеше, шалбар, бүркеніш түсті футболка және қара түсті биік қонышты бәтеңке; қысқы-бүркеніш түсті жылы күртеше, шалбар немесе комбинезон, сондай-ақ жүннен тоқылған бөрік және қара түсті жылы ұзын қонышты бәтеңке;

            3) спорттық киім және аяқ киім;

            4) жеке гигиена заттары;

            5) жазу құралдары.

            Тыңдаушылар оқу кезеңінде бюджет қаражаты есебінен тамақпен және тұрумен қамтамасыз етіледі.

            Инспекторлық құрам үшін оқу мерзімі күнтізбелік 7 күнді құрайды.

Дата публикации
01 апреля 2021