Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Департаменттің нормативтік құқықтық актілеріндегі және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында 2026 жылғы 29 қыркүйектен 29 қазанға дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.

Сұрақтар туындаған жағдайда Департаментке мына мекенжай бойынша: Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Ғабит Мүсірепов көшесі, 32, немесе 8 (7152) 52-27-21 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы
Дата публикации
09 сентября 2026