Департаменттің бөлімшілерімен және «МАО» ММФ жедел шығулары мен жүргізген авариялық-құтқару жұмыстары

2026 жылдың жеті айында табиғи және техногендік сипаттағы 264 төтенше жағдайлар тіркелді (2025 ж. – 289)(-9%), онда 41 (2025 ж. –62)(-34 %) адам зардап шекті, оның ішінде 26 (2025 ж. – 21) (24 %) қаза тапты.

 

Департаменттің бөлімшілерімен және «МАО» ММФ  жедел шығулары мен жүргізген авариялық-құтқару жұмыстары

 

СҚО ТЖД Департаменттің бөлімшілерімен және «МАО» ММ филиалымен- 1585 (2025 ж.–1408) жедел шығу жасалды, өткен жылмен салыстырғанда – 13 % артты, оның ішінде:

тұрмыстық сипаттағы – 253 (2025 ж.  -346), 27 % азайды;

авариялық-құтқару жұмыстары – 268 (2025 ж.  –301), 11 % азайды;

құтқару және іздеу жұмыстары - 16 (2025 ж. –15) 7 % артты;

жол-көлік оқиғалары – 14 (2025 ж. -14);

өрт ретінде есепке алуға жатпайтын жанулар – 988 (2025 ж. – 680), 45 % артты;

жалған шығулар -2(2025 ж. –6), 67 % азайды;

расталмаған фактілер – 44 (2025 ж.  – 46), 4 % азайды;

2026 жылдың басынан бастап бөлімшелермен:

186 адам (2025 ж. – 154)  құтқарылды,  21 % артты, оның ішінде:

ТЖД өрт сөндіру күштерімен – 86 (2025 ж. – 21), 4,1 есе артты;

 «МАО» ММ филиал күштерімен  – 12 (2025 ж. 445), 73 % азайды;

ЖҚЖ күштерімен- 88 (2025 ж.-89), ), 1 % азайды.

419 (2025 ж. – 424) эвакуацияланды , 1 % азайды, оның ішінде:

ТЖД өрт сөндіру күштерімен – 400 (2025 ж. – 342), 17 % артты;

«МАО» ММ филиал күштерімен  – 18 (2025 ж. –20),  10 % азайды;

ЖҚЖ күштерімен – 1 (2025 ж.-62), 98 % азайды.

Дәрігерге дейінгі медициналық көмек -40 зардап шеккенге көрсетілді  (2025 ж. 45), 11 % азайды, оның ішінде:

ТЖД өрт сөндіру күштерімен – 0 (2025 ж. - 0);

«МАО» ММ филиал күштерімен   –40 (2025 ж.–44), 9% азайды;

ЖҚЖ күштерімен - 0 (2025 ж.-1).

2026 жылдың басынан облыс аумағында 256 өндірістік, тұрмыстық және табиғи өрт болды (2025 ж. -280) (-9 %), онда 15 адам жарақат алды (2025 ж. -25) (-40 %)  және 24 адам қаза болды (2025 ж. - 17)(41%). Материалдық залал 127 млн. 737 мың теңгені құрады (2025 ж. –211 млн. 953 мың теңге)(-40%).

968 тексеріс (2025 ж. –1000, (-3%) іске асырылды. 6023 өрт қауіпсіздігі ережесін бұзушылық анықталды (2025 ж.-4100,(47%). Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ұйғарымдар –633 (2025 ж. -469)(35%) оның ішінде 95(2025 ж. -53)     (79%) тұлғаға қатысты жалпы сомасы 9 млн. 071 мың. 688 теңгеге (2025 ж.             -3 млн 356 мың. 692 теңге)(2,7 есе)айыппұл салынды. 7 млн. 222 мың 850 теңге сомасына 90 айыппұл өз еркімен төленді.

Бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдамаларды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБК 462 б. 3 б. сотқа 45 талап арыз жолданды (2025 ж. -64) (-30%).

Есептік кезеңде «112» телефонына халықтан келіп түскен қоңыраулардың саны – 154 439 құрады, оның ішінде:

- негізгі қызмет бойынша – 20 133;

- «101» -17 325;

- «102» - 12 796;

- «103» - 16 911;

- ақпараттық-анықтамалық сипаттағы – 22 783;

- өзге де (жаңылысқан, жасырын, ойнап) –64 491.

Есептік кезеңде «101» телефонына халықтан келіп түскен қоңыраулардың саны – 21 391 құрады, оның ішінде:

- негізгі қызмет бойынша – 15 510;

- табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ әрекет ету сұрақтар бойынша-1 980;

- «102» -222;

- «103» - 206;

- ақпараттық-анықтамалық сипаттағы – 870;

- өзге де (жаңылысқан, жасырын, ойнап) – 2 603.

Дата публикации
06 августа 2026