
Шымкент қаласында азаматтық қорғаныс объектілерін дайындыққа келтіру бағытында кеңейтілген жұмыс кеңесі өткізілді.
Департамент қалада орналасқан азаматтық қорғаныстың қорғаныш құрылыстарының иелеріне ғимараттарды дайындыққа келтірудің маңыздылығын жеткізе отырып, проблемалық сұрақтарды талқылады
Сондай-ақ, күн тәртібінің екінші сұрағына сәйкес, қалалық, қала сыртындағы және жылжымалы басқару пункттері бойынша мүдделі мекемелермен атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, методикалық көмек көрсетілді.
Аталған жиынның басты мақсаты – азаматтық қорғаныс жүйесінің тиімділігін арттыру және әртүрлі қатерлерге қарсы мүдделі мекемелердің дайындық деңгейін жетілдіру.