Шымкент қаласына Мәжіліс депутаты іссапармен келді

Шымкент қаласына Мәжіліс депутаты іссапармен келді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының» фракция мүшесі Сағындықова Ажар Бақытқызы аталған іссапар барысында төтенше жағдайларды жою және алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сондай-ақ, алдағы уақытқа қойылған негізгі мәселелер мен проблемалық сұрақтарды көтеріп, талқылады.

Департамент бастығы генерал-майор Қ.Базарбаев азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің күнделікті жұмысымен, авариялық – құтқару және өрт-сөндіру техникалары және құралдарымен жабдықталуын таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.