Қауіпсіз жаңа жыл!

Қауіпсіз жаңа жыл!

Жаңа жылды мерекелеу кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шымкент қаласында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік өңірлік палатасында жаңа жылдық іс-шаралар өткізілетін қоғамдық тамақтану, ірі сауда және ойын-сауық орталықтарының басшыларымен өрт қауіпсіздігі тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Отырыста мүмкін болатын төтенше жағдайлардың алдын-алу тәсілдері, іс-шараларды ұйымдастырудағы қауіпсіздік шаралары талқыланып, әрекет ету тәртібі пысықталды.

Республикалық «Өрт қауіпсіздігі айлығы» акция аясындағы жұмыстар жалғасуда.