Шымкент қаласының қоғамдық көлігінде өрт қауіпсіздігі бойынша ақпараттық науқан басталды

Шымкент қаласының қоғамдық көлігінде өрт қауіпсіздігі бойынша ақпараттық науқан басталды

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті халықтың өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында ақпараттық науқан бастады. Осы бастама аясында қаладағы қоғамдық көліктердің экрандарында өрт қауіпсіздігі ережелеріне арналған бейнероликтер көрсетілуде.

Бейнероликтердің негізгі мақсаты — өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау, қауіпті жағдайлардың алдын алу және төтенше жағдайларда халықты дұрыс әрекет етуге үйрету. Департамент өкілдері бұл науқанның тұрғындар арасында ақпараттылықты арттырып, өрт қауіпсіздігін сақтау жауапкершілігін күшейтетініне сенімді.

Қоғамдық көлікте роликтерді көріп отырған жолаушылар өрттің пайда болу себептері, олардың алдын алу шаралары және төтенше жағдайлар кезінде жасалуы қажет алғашқы әрекеттер туралы толық ақпарат алады. Бейнероликтер қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және әр азаматқа өзін және айналасындағыларды қорғауға қажетті білім мен дағдыларды беруге бағытталған.

Департамент мамандарының айтуынша, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау өте маңызды. Бейнероликтерде өрттің негізгі себептері, тұрмыстық техниканы қауіпсіз пайдалану, балаларды өрттен қорғау және өрт шыққан жағдайда тез әрекет ету әдістері түсіндірілген.