
Тұран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен және "Газ инспекция" қызметі мен Тұран аудандық полиция басқармасының қатысуымен Наурыз шағын ауданында улы газдан уланудың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары өтті. Іс-шара барысында 50 тұрғын үй қамтылып, тұрғындарға қауіпсіздік шаралары түсіндіріліп, арнайы жаднама парақтары таратылды.