Қауіпсіздік шаралары бойынша тұрғын үйлерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қауіпсіздік шаралары бойынша тұрғын үйлерде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2024 жылғы 1-2 қараша күндері Шымкент қаласының аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы мен мамандандырылған жасақ қызметкерлері бірлесіп, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі мен алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

№5 өрт сөндіру бөлімімен бірге Құрсай мөлтек ауданының Жылысай, Ұзынағаш, және Алтынды көшелеріндегі 45 тұрғын үй араланып, 84 адамға жаднамалар таратылды. Ал Жаңаталап тұрғын алабындағы Желді қарағай, Балжарық, Қызылтөбе, Тамшалы, Таңсамал, Иманжол, Тайқазан, Қарақия, Талды және Қияқты көшелерінің тұрғындарына ақпараттық жұмыс жүргізіліп, 100 үй қамтылды және 546 адамға насихат жұмыстары өткізілді.