Тұран ауданы ТЖБ және Әскери полиция қызметкерлері автомобильді қысқа дайындау бойынша арнайы сабақ өткізді

Тұран ауданы ТЖБ және Әскери полиция қызметкерлері автомобильді қысқа дайындау бойынша арнайы сабақ өткізді

2024 жылғы 4 қарашада Шымкент қаласы Тұран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы және Әскери полиция қызметкерлері бірлесіп, жол апаттарының алдын алу мақсатында “Автомобильді қысқа даярлау – апатсыз пайдалану кепілі” атты профилактикалық айлық іс-шара аясында арнайы сабақ ұйымдастырды. Іс-шара Шымкент қаласы Бәйдібек би көшесі 172/1 мекенжайында орналасқан Абай және Әл-Фараби аудандарының шақыру пунктінің қызметкерлеріне арналды.