Құтқарушылардың кәсіби мерекесі – батылдық, ар-намыс пен ерлік мерекесі!
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде «19 қазан – Құтқарушылар күні» мерекесі аталып өтті. Салтанатты іс-шарада төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жолында кәсіби шеберліктері мен қайсарлықтары үшін және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер Төтенше жағдайлар министрлігінің, Шымкент қаласы әкімдігінің және мәслихатының наградаларымен марапатталды. Сондай-ақ іс-шарада елім деп қызмет еткен және өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеуде үлгі бола білген қадірменді ардагерлеріміз де марапатталды. Мереке аясында төтенше жағдайлар саласының оң имиджін бейнелейтін құтқару қызметі туралы бейнеролик көрсетілді.