Сүңгуір-құтқарушы

Сүңгуір-құтқарушы

"Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы" республикалық мемлекеттік мекемесінің Тоғыс қаласындағы құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Калмахан Хасанович Кдирбаев аталған ұжымда 2004 жылдан бастап қызмет атқарады.

К.Кдирбаев өз қызметінде 3200 сағат су асты сүңгуірлік жұмыстарын жүргізді. Сүңгуірлік іздеу жұмыстарын жүргізу кезінде 18 адамды су астынан тауып шығарған. Құтқарушы ретінде 60 реттен астам қайғылы жағдайға ұшыраған адамдарды іздестіру жұмыстарына қатысып, 6-құтқарушы жасақшы дайындаған.

Калмахан Кдирбаев кез келген төтенше жағдайға дайын болу үшін үнемі физикалық және психологиялық дайындықтарын жетілдіреді. Көпжылдық тәжірибе көрсеткендей, әрбір оқиға әртүрлі сипатта болғандықтан, жылдам әрі тиімді әрекет ету - олардың басты міндеті екенін біледі.

"Су астындағы өмір оңай емес, бірақ осы саладағы мамандар өз жұмысына үлкен құрметпен қарайды және оларды осы қауіпті қызметке деген махаббат пен адамгершілік сезімдері алға жетелейді"-дейді Калмахан Кдирбаев.

Тоғыс қаласындағы құтқару бөлімшесінің құтқарушысы Калмахан Хасанович Кдирбаев мамандандырылған жұмыстардың І-ІІ тобының 3 сыныпты сүңгуірі және 1 сыныпты құтқарушы маман, әрі Қазақстан Боксынан спорт шеберіне үміткер.

Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі