
Күн сайын тілсіз жаумен арпалысып, өрттен зардап шеккен жандарға көмектесуге асығатын білікті маман, көлікті тізгіндеп, тілсіз жаумен күресте ерлікке пара-пар еңбек етіп жүрген азаматтардың бірі - №5 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автомобильдерінің аға жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау старшинасы Ерлан Мұханов.
Ерлан Манатұлы 1991жылы 19 мамырда Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Таваксай селосында дүниеге келген. Ол 2012-2013 жылдары аралығында Алматы облысы Отар әскери қалашығындағы № 30212 және Қапшағай қаласындағы № 32363 әскери бөлімдерде әскери борышын өтеген. 2014 жылдын 12 мамырынан бастап Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «ӨСжАҚЖҚ» РММ қызмет атқарып келеді.
Он жылдан астам уақытта бері азаматтық қорғау органында мүлтіксіз қызмет атқарып келе жатқан Ерлан Манатұлын әріптестері кәсіби біліктілігі жоғары, жауапкершілігі мен адамгершілік қаксиеттер мол азамат ретінде таниды.