
Шымкент қалаcы ТЖД «Мемлекеттік тіл – менің мәртебем» атты дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның алғы сөзі Департамент бастығының орынбасары подполковник Ж.Джабаевқа берілді. Қалалық тілдерді оқыту әдістемелік орталығының оқытушысы Абдуғаппарова Гүлшахар Өтебайқызы Қазақстан халқы тілдер күніне тұспа-тұс келген Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туылған күніне орай қазақ тіліне жасаған еңбек жолы туралы баяндама оқыды. Департамент қызметкерлерімен сұрақ-жауап түрінде қызықты сөз тартыс өтіп, Департаменттің жас буын қызметкерлерінің мемлекеттік тілге деген құрметі байқалды. Департамент тарапынан өзге ұлт өкілі бола тұра – мемлекеттік тіліміз қазақ тілі деп насихаттап жүретін Роман Александрович Письменский «Мемлекеттік тіл – менің мәртебем» тақырыбында баяндама оқып, өзінің мемлекеттік тілге деген құрметін тағы да дәлелдеді.
Өз тіліңізді сүйе отырып, өзге тілге құрмет білдіріңіз. Мемлекетіміздің тілі - қазақ тілі болғандықтан, қазақ тіліне деген құрмет өте жоғары болуы керек.
Іс-шара соңында әріптестер арасында қазақ тілін жетік меңгерген өзге ұлт өкілдерін ынталандыру мақсатында қазақтың ұлы жазушы, ағытушыларының туындылары табысталды.