Жыл сайынғы қайырылымдық жалғасын табуда

Жыл сайынғы қайырылымдық жалғасын табуда

Аз қамтылған және көп балалы отбасыдан шыққан балаларға оқу жылының басталуына орай дайындық барысында қолдау көрсету мақсатында біздің елімізде жыл сайын «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі. Бұл дәстүрлі жыл сайынғы жобаға өрт сөндірушілер-құтқарушыларда белсенді қатысады және осы жылы да олар балаларға жылулық пен қуаныш сыйлай отырып, көмек қолын созды.
Шымкент қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері көп балалы отбасының балаларына мектепке қажетті кеңсе тауарларын, сөмкесін сыйға тартып, қайырымдылық көмек көрсетті. Осылайша балаларға қуаныш сыйлады.
Қайырымдылық қайырлы іс! Жақсылық жасауға асығыңыздар!

 

Қызметтің қоғаммен байланыс тобы