
Бүгін Еңбекші ауданында үйдің ауласында жылан байқалды деген хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар тұрғындарға төнген қауіпті жою үшін жыланды бөтелкеге салып, қауіпсіз жерге жеткізді.
Құрметті қала тұрғындары! Мына ақпаратқа назар аударыңыздар!
Жыланмен кездескенде өзін қалай ұстау және жылан шаққаннан қалай аулақ болу керек:
Ең алдымен, анықтауға тырыспай, жыланнан 1,5 – 2 метрге алыстаңыз, бұл жағдайда ол адамға ұмтылуға асықпайды. Егер жылан шағып алған болса, алдымен адамды жатқызып, ны қозғалтпау керек.
Жарадан уды өз бетінше алып тастауға, тістеген жерді байлауға тырыспаңыз, өйткені бұл адамға теріс әсер етуі мүмкін. Антигистамин препараттарды, көп суды ішкізіп, адамды мүмкіндігінше тез ауруханаға жеткізіңіз.
Жеке меншік үйлердің аумағында жыландардың алдын алу туралы-үйдің айналасындағы жерлерді тазарту, іргетастағы жарықтарды герметизациялау. Жыландар табылған жағдайда «112» құтқару қызметіне хабарласыңыз.