ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Суицид және діни экстремизм заманауи өркениетке басты қауіп-қатер. Мысалы, психолог-мамандар бұл оқиғаларға байланысты «адамның ішкі сезіміндегі үмітсіздік, өмірден күдер үзу» деп бағалап жатса, ал кейбір сарапшылар «әлеуметтік мәселелерден туындаған оқиға», деген көзқарастарын білдіруде. Сондай-ақ исламдық тұрғыдан қарасақ та бұл қоғамға қауіп төндіріп тұған іс-әрекеттер дінімізде де құпталмайды. Барлық жағдайда сабыр сақтау қажеттігін көздейді. Бұл мәселелерді тұрақты түрде түсіндіріп, қауіпін айтып отыру көптеген қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік беретіні анық.
Осы орайда өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға суицидтің алдын алу, діни экстремизмге мен алаяқтыққа, құмар ойын ойнауға жол бермеу, отбасылық құндылқтар мен ұжымдағы ауызбіршілікті сақтау тақырыптарында №3 өрт сөндіру бөлімінде «Дауытұлы Шыңғыстай қажы» мешітінің ұстазы Назархан Райымбектің және №5 өрт сөндіру бөлімінде «Әл-Мүсілім» мешітінің ұстазы, қари Зайнишов Зарифжанның, «Саяси-қуғын Сүргін» мешітінің наиб имамы Арыстан Нұрданұлының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Сонымен қатар Отбасы банкінің өкілдері тарапынан жеке құрамға тұрғын үй алу шарттары таныстырылып, «Қамқор» бағдарламасы арқылы үй алу бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді.


Мұндай тақырыптар өте өзекті болғандықтан жеке құрамға бұл бойынша түсіндіру маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады.