Қызметкерлермен шешендік сөз сөйлеу бойынша сабақ өткізілді

Қызметкерлермен шешендік сөз сөйлеу бойынша сабақ өткізілді

Департаменттің, «ӨСжәнеАҚЖҚ» РММ-ң басшы құрамымен және қызметкерлерімен кәсіби-психологиялық даярлық сабағында шешендік өнер бойынша арнайы сабақ ұйымдастырылып өткізілді. Қызметкерлерге шешендік өнердің қырлары, тыңдаушылармен байланысты орнату, сондай-ақ, сөздің байлығы, тазалығы, мәнерлілігі, сөйлеушіге қойылатын талаптар, сыртқы бейнесі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сабақтың мақсаты – төтенше жағдайлар саласы қызметкерлерінің бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Осындай сабақтар алдағы уақытта да ұйымдастырылып өткізіледі.