
2024 жылғы 2 мамырда ТЖ департаментінде қызметтік автокөліктің саптық байқауы өтті. Байқауды жеке құрам бойынша инспекциялық топтың бас маманы азаматтық қорғау майоры Сейдуллаев Нұржігіт Ыбрайұлы жүргізді.
Саптық байқауды өткізудің мақсаты-бөлімшелерге бекітілген автомобильдердің техникалық жай-күйі мен сыртқы түрін тексеру, сондай-ақ қызметтік автокөлікті жөндеу қажеттігін айқындау.
Байқау барысында Нұржігіт Ыбрайұлы автокөліктің техникалық жай-күйін, арнайы құралдармен және мүлікпен қамтамасыз етілуін тексерді. Сондай-ақ жол парақтарын, дәрі қобдишаларының, өрт сөндіргіштердің, апаттық белгінің және автокөлікті басқару құқығына тиісті құжаттардың болуын тексерді. Жеке құраммен жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы нұсқаулық өткізілді.
Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі