
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғау саласында оқыту басталды.
Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Шымкент қаласы әкімнің орынбасары А.Кәрімовпен бекілген жасақтау жоспарына сәйкес, Азаматтық қорғаныс басқармасының ұйымдастыруымен « Қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері» санатының оқытылуы басталды. Ұйымдастырылған сабаққа «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары», «Жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемелері, сонымен қатар Қызыл ай қоғамы және Департаменттің қызметкерлері тартылды.