Өрт уақытылы сөндірілді

Өрт уақытылы сөндірілді

2023 жылғы 23 қараша сағат 18:54-те «Север» сауда үйінің жертөлесінде орналасқан «Низам» кафесінде өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт оқиғасы Әл-Фараби ауданындағы Рысқұлов көшесінде орын алды. Шақырту орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшесі кафенің асханасынан ғимараттың сыртқы қабырғасымен жүргізілген түтін сорғышының ішінде май қалдықтары түтеп, бықсығандығын анықтады.

Өрт сағат 19.20-да оқшауланып, 19.24-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Оқиға орнына ТЖД Өрт сөндіру қызметінен 4 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 16 адам жұмылдырылды.

Шымкент қаласы ТЖД кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.