Жеткілікті қуаты бар ашық от көзі салдарынан қора өртенді

Жеткілікті қуаты бар ашық от көзі салдарынан қора өртенді

Шымкент қаласы ТЖ департаментінің  «101» қызметіне  2023 жылғы 12 тамызда сағат 01.45-те  Абай ауданы, Бозарық шағын ауданы Желтау көшесіндегі тұрғын үйде өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшесі жеткен кезде  үйдің ауласындағы 120 ш.м. қора толығымен, ішінде 5  бас  сиыр  жанып жатқандығы  анықталды. Өрт сағат 02:43-те оқшауланып, сағат 03:25-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Өртті сөндіруге 4 техника, жеке құрамнан 22 адам, апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды.

 

Құрметті қала тұрғындары! Өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар!