Өрт

Өрт
Кезекші-диспетчерлік қызметтің "101" басқару пультіне 07 қазанда сағат 18-06-да Әл-Фараби ауданы Рысқұлов көшесінде өрт орын алғандығытуралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 210 шаршы метр алаңда құрылысы бітпеген 2 қабатты ғимараттың шатырының жанғанын анықтады. Ғимараттың жалпы ауданы 2583 шаршы метр, шатыры жұмсақ, рубероид материалынан жасалынған.
Оқиға орнында бірінші учаскеде өрт сағат 20-35-те оқшауланды, өрттің жалпы оқшаулануы сағат 20.52-де берілді . Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 55 қызметкері мен 17 бірлік техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бір бригадасы жұмылдырылды. Сонымен бірге қалалық коммуналдық қызметтерінің 9 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс тобы