Алғыс айту күніне орай Шымкент қаласы ТЖ департаментінде салтанатты іс-шара өткізілді.
Өткізілген салтанатты жиында «Аналарға құрмет», «Ардагерлерге рақмет» тақырыпта өтіп, жас қызметкерлердің ардақты аналарына, құрметті ардагерлерімізге сый-құрмет көрсетілді.
Сонымен бірге Ауған соғысының ардагерлері Е.Маликов, Р.Нұржауовқа ерекше алғыс айтылып, алғыс хаттар мен марапаттары табысталды. Қаладағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде жылдар бойы абыроймен қызмет еткен өрт сөндіруші-жүргізуші Әбілқас Алиханұлы Альжанов зейнетке шықты. Тәжірибелі маманға алғыс айтылып, басшы құрамы тарапынан құрмет көрсетілді.