"Бірге қауіпсіздік үшін!"

"Бірге қауіпсіздік үшін!"
«Қауіпсіздік үшін бірге!» акциясы аясында Еңбекші ауданы ТЖ басқармасының мамандары сенбілік үгіт-насихат жұмыстарына шықты. Халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру үшін жылу беру кезеңіндегі қауіпсіздік ережелері тұрғындарға түсіндірілді.
 
Іс-шара барысында үй иелігіндегі өрттің алдын алу туралы айтылды: электр құралдарына мұқият қарау, пеш және газ жабдықтарын дұрыс пайдалану туралы сөз болды. Сондай-ақ ТЖ мамандары тақырыптық көрнекі өнімдерін таратты.
 
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін төмендетуге және денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді.