Тұрмыстық газ аспаптарын пайдалану кезінде 2020-2021 жылғы жылу беру кезеңінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде жылу беру маусымында табиғи газбен уланудың 5 жағдайы тіркелді, соның нәтижесінде 4 адам қайтыс болды (оның ішінде 2 бала), 3 адам жарақат алды. Өткен маусыммен салыстырғанда улану саны екі есеге, қаза болғандар - екі жарым есеге, зардап шеккендер - 33% - ға азайды.
Алда жылу беру маусымында жазатайым оқиғаларды алдын алу мақсатында Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығы полковник Мадияр Жақсибаевтың басшылығымен мобильді топ профилактикалық жұмыстарды жүргізді. Іс-шара Абай ауданы Тельман бөлімшесіндегі жеке тұрғын секторларында ұйымдастырылды.
Департамент бастығы қала тұрғындарына жылыту құралдар мен жабдықтарды бүгіннен бастап дайындау керектігін еске салды. Әсіресе газ құрылғыларға назар аударып, оларды дұрыс орнатпау қайғылы жағдайға әкеліп соқтыратындығына атап өтті. Мұржаларды уақытында тазалап, жарықтарды жойып, пешті ағарту маңызды сақтық шаралардың бірі екендігі ескертілді.
Мобильді топтың құрамына кірген газ шаруашылығының мамандары арнайы аспаптарымен тұрғын үйдегі газ жабдықтарында газдың шығуын тексерді. Сонымен бірге Абай ауданы ТЖ басқармасының мамандары газдабылқаққыштарды орнатты. Бұл құрылғылар көмек ретінде көпбалалы , әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың үйлерінде орнатылады. Өткізілген ауқымды іс-шараға "Айғақ" телеарнасы ақпараттық қолдау көрсетті.