Шлагбаум қайғылы жағдайға себеп болмауы үшін

Шлагбаум қайғылы жағдайға себеп болмауы үшін

Абай ауданы ТЖ басқармасының қызметкерлері қаланың шағын аудандарындағы көп пәтерлі тұрғын үйлерге өрт сөндіру автотехникасының кіру және өту мүмкіндігін тексеру бойынша рейд жүргізді.

Тексеру Темірлан тас жолы, г.Иляев, қ. Рысқұлбеков, Ш. Қалдаяқов көшелері, Землячка өткелі, Республика даңғылы, 8 шағын аудандағы тұрғын үйлердің аулаларында ұйымдастырылды. Рейд барысында Мамандандырылған жасақ қызметкерлері жедел әрекет ету өрт сөндіру автокөлігімен көп қабатты тұрғын үйлерге баруға тырысты. Алайда шлагбаумдардың орнатылуына байланысты оларға өту өте қиын болды. Мұндай жағдай барлық аулаларда қалыптасып отыр: тосқауыл шлагбаумдар, арнайы техника жолындағы тұраққа қойылған машиналар.

Үй маңындағы аумақтар арнайы өрт техникасының өтуі үшін бос болуы тиіс. Шынында да, өрт болған жағдайда әр секунд қымбат, жоғалған уақыт адам өмірімен өлшенеді.

Анықталған бұзушылықтар бойынша ТЖ басқармасының қызметкерлері тиісті құзыретті органдарға ұсыныстармен хат жолдады.