Абайлаңыз, жылан!

Абайлаңыз, жылан!

Шымкент қаласы, Қазығұрт шағынауданы  Спатаев көшесі бойында орналасқан тұрғын үйге жылан кіргені туралы 2021 жылғы 28 мамырда түнгі сағат 01.00-де хабарлама түскен. Хабарлама бойынша жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары оқиға орнына келіп жеткен.  Куткарушылар үйдің ішінен 2 жыланды ұстап, кауіпсіз жерге шығарып тастады.Мамыр айында Шымкент қаласының аумағында жыланға байланысты 2 оқиға тіркелген.

Құрметті қала тұрғындары! Мына ақпаратқа назар аударыңыздар!

Сәуірдің ортасында мамыр айының соңында жыландарда жұптау процесі жалғасады. Осы кезеңде олар ең қауіпті және ең үлкен агрессияны көрсетеді. Бауырымен жорғалаушылармен кездескенде өзін қалай ұстау керек және жылан шаққаннан қалай аулақ болу керек.Ең алдымен, оны анықтауға тырыспай, одан 1,5 – 2 метрге алыстаңыз, бұл жағдайда жылан адамға асықпайды. Егер сізді жылан шағып алған болса, алдымен көлденең позицияны алу керек және аз қозғалу керек. Жарадан уды өз бетінше алып тастауға тырыспаңыз, тістеген жерді  байлауға тырысспаңыз, өйткені бұл адамға теріс әсер етуі мүмкін. Антигистамин препараттарды, көп суды ішіңіз және адамды мүмкіндігінше тез ауруханаға жеткізіңіз.