Құтқарушылар үй жануарын шұңқырдан шығарып алды

Құтқарушылар үй жануарын шұңқырдан шығарып алды

Кешкі сағат 18.36-да 2020 жылғы 11 қарашада құтқару қызметінің "112" нөміріне Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел кезекшілеріне үй жануарына көмек көрсету туралы ақпарат келіп түсті. Нұртас ш/а ықшамауданындағы Тойбеков көшесіндегі жақын маңдағы үйлердің көршілері шұңқырға сиыр құлап, ол жерде шамамен 2 тәулік болғанын хабарлады. Оқиға бос тұрғын емес жерде болды, шұңқыр септикке арналған, тереңдігі шамамен 1,5 метр.

Оқиға орнына құтқару бөлімшесінің 7 құтқарушысы шықты. Құтқарушылар оқиға орнына альпинистік құрал-жабдықтармен және көршілері шақырған эвакуатордың көмегімен сиырды шығарып алды. Сиыр қатты әлсіреген екен, құтқарушылар оған су беріп, учаскелік полиция қызметкеріне тапсырды.

Жыл басынан жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жануарларды құтқаруға 6 рет шыққан.

 

Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы