
Абай ауданының ТЖ басқармасы мен мамандандырылған жасақтың қызметкерлері бірлесіп аудан аумағында жылу беру маусымында сақтық шараларды ескерту бойынша жұмыстарын қарқынды жалғастыруда.
ТЖ қызметкерлері Қазығұрт шағынауданының тұрғындарына ағымдағы жылдың 10 қарашасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сақтық шаралар туралы еске салып өтті. Сонымен бірге Қазығұрт шағын ауданында тұратын жалғыз басты анаға қайырымдылық көмек көрсетілді. Демеушілердің қолдауымен алынған газ дабылқаққышты орнатып, мұржасын тазарту жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға көмір пештерінің мұржасын уақытылы тексеріп тұрса, өз отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндігі ескертілді.