Жылу беру маусымы

Жылу беру маусымы

Жылу беру маусымы басталып, қала аумағында табиғи газдан улану фактілері жиі орын алып отыр. Осыған байланысты Шымкент қ.ТЖ департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жаксибаев газ шаруашылығы, еріктілер мен ТЖ бөлімінің мамандарымен Ескі қалашық тұрғындарының арасында үіг-насихат, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында қала тұрғындарына газ құрылғыларын пайдалану кезіндегі сақтық шараларға назар аударуды ескертті. Газ құрылғымен ылытатын су құралдарының ақауларына немқұрайлы қараған жағдайда қайғылы оқиғаларға алып келетіндігі айтылып, сақтық ережелерге назар аударылды.

Жалпы рейдтік жұмыстары кезінде 21 көшенің 437 үйі қамтылды.

Құрметті қала тұрғындары мына ережелерге назар аударыныздар:

-үйден шығарда газ бұрандамасын жауып шығу қажет;

-балон мен газ арақашықтығы жарты метр болуы керек;

-газ баллонды өз бетінше ашып, өз бетінше жөндеуге болмайды;

-газ баллонды мөлшерден тыс жылы жерге қоймау керектігін қатаң бақылау қажет