Меню

Страницы

Статья

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының нашарлауына байланысты қала тұрғындарын сақ болуға шақырады.
 
Синоптиктердің болжамына сәйкес, 2021 жылдың 17 қарашасында желдің секундына 25 метрге дейін күшеюі туралы ескерту жарияланған. Сонымен қатар, 18 қарашада қалада қатты жаңбыр жауып, қар жауады.
Құрметті автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілер! Ауа-райы өзгеруіне байланысты жолдарда өте сақ және мұқият болыңыз.
 
Жел күшейген кезде азаматтарға ұсыныстар
 
Жел күшейген кезде ғимараттардан шығуды шектеуге кеңес береміз, үй-жайларда болғандарыңыз дұрыс. Балаларды ерекше бақылауға алу және оларды қараусыз қалдырмау маңызды.
 
Егер қатты жел соққанда, сіз көшеде қалсаңыз, жерасты өткелдеріне немесе ғимараттардың кіреберістеріне тығылуға кеңес береміз. Қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын жасырмаңыз, өйткені шатырлардан шифер мен басқа шатыр материалдарының құлауы мүмкін. Бұл қоғамдық көлік аялдамаларына, билбордтарға, ағаштарға, аяқталмаған ғимараттарға да қатысты.
 
Қатты жел кезінде электр желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті. Егер сіз елді мекеннен тыс жерде болсаңыз, онда көліктен шығып, жол кюветіне паналауға кеңес береміз. Қалада болсаңыз дереу көліктен, автобустан, трамвайдан шығып, жақын маңдағы баспанаға, жер асты өткеліне немесе жертөлеге тығылуыңыз керек.
 
 
Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы
Дата публикации
17 ноября 2021
Дата обновления
17 ноября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 апреля 2026
Дауылды ескерту
Ақпарат
27 апреля 2026
Штормовое предупреждение
Ақпарат
24 апреля 2026
Дауылды ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы