Меню

Страницы

Статья

25 жыл өрт сөндіру қызметінде

Біздің мақаламыздың кейіпкері туралы ескі советтік кинодағы қанатты сөздермен «Ол студен, комсомол, сонымен қатар өте сұлу» деп айтуға болады. Әрине Наталья Лукьянчикова қазір студент емес (алайда сырт келбетіне қарасаң керсінше ойлап қалуға болады) және ол комсомол жас кезінде болды.  Жоғарыда аталған барлық қасиеттерінен басқа Наталья Владимировна  әйелдерлермен емес, 100% ерлерден құралған ұжымда жұмыс жасайды – ол Шымкент қаласындағы мамандандырылған жасақтың диспетчері. Ол бұл қызметке кездейсоқ келген жоқ. Наталья ВладимировнаЛукьянчикова өрт сөндірушілердің жанұясында дүниеге келді. ӘӘкесі В.В. Радченко қарауыл бастығынан өрт сөндіру бөлімінің бастығы лауазымына дейін қызмет етті және анасы В. Н. Радченко зейнеткерлік жасқа дейін диспетчер болып жұмыс жасады.

Бұл жылы азаматтық қорғау прапорщигі бұл салдағы 25-жылдығын атап өтеді. Осы жылдардың барлығында  «101» желісінде жұмыс жасай жүрып, өз міндетін адал атқарды, рация арқылы ақпараттарды қабылдауды қамтаасыз етті, журналға жазады, түрлі қызметтермен бірлесіп қызмет атқарды. «Бір күн ішінде қоңырау көп түседі және олар әртүрлі болады.  Қателесіп, үйдегі кикілжің кезінде қоңырау шалады, ал кейде қалжыңдайтындар да болады, сонымен қатар түрлі төтенше жағдайға байланысты хабарласады. Жұмыс атқарып жүрген жылдары көп жағдайларды бастан кештім. Қиыншылықтарға қарамастан мен өз жұмысымды жақсы көремін. Ерлер ұжымымен хабарлай отырып әрекет жасаймын, бір-бірімізге көмектесеміз».  Әрине осындай қарбалас жұмыс кестесі барда бос уақыт бола бермейді. Оны Наталья Владимировна балаларына арнайды. Ол 23 және 14 жастағы екі қызды тәрбиелеп отыр.

 

Дата публикации
02 октября 2020
Дата обновления
02 октября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
30 апреля 2026
Дауылды ескерту
Ақпарат
27 апреля 2026
Штормовое предупреждение
Ақпарат
24 апреля 2026
Дауылды ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы