Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «ҚАЗГИДРОМЕТ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалының 2026 жылғы 30 сәуірдегі дауылды ескерту туралы №30 ҚҚ хатына сәйкес, Шымкент қ.: 01 мамырда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.