Меню

Страницы

Статья

ТЕМІР ТҰЛПАРЛАРЫҢЫЗ ОТҚА ОРАНБАСЫН ДЕСЕҢІЗДЕР!

Жанған резеңкенің, бензиннің иісі, капоттың астынан шыққан түтін жүргізушіге тек сыну туралы ғана емес, өрт болу мүмкіндігі туралы да белгі береді. Статистика көрсеткендей, жүз көліктің біреуі ғана авария кезінде өртенеді. Басқа жағдайларда өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзуынан, электр құралдары жүйесіне немқұрайлығынан, сонымен қатар осы жүйеге білікті қатынастың болмауынан басталады.  Өткен демалыс күндері қала аумағында автокөлікте 3 өрт оқиғасы орын алды.

2020 жылғы 6 қыркүйекте сағат 04.45-те «101»  қызметіне   Шымкент қаласы, Тоқаев көшесі бойында орналасқан үйдің ауласында автокөлікте өрт орын алғандығы туралы хабар келіп түсті.  Өрт орнына  3 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 19 адам, апаттар медициналық орталығының қызметкерлері жұмылдырылды. Өрттің салдарынан «Лексус-570» маркалы жеңіл автокөлігінің мотор бөлігі және салонында панелі мен алдыңғы екі орындығы жанды. Өрт 04.58-де оқшауланып, 05.07-де толық сөндірілді.

2020 жылғы 7 қыркүйекте  сағат 02.02-де  Шымкент қаласы, Тассай т/а, Жібек жолы  көшесі бойында «SINOOIL» АЖБ-ның алдыңда, жеңіл автокөлікте өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті.   Өрт орнына  2 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 8 адам жөнелтілді.  Оқиға орнында     «KIA Ceed» және «Opel Vectra»  жеңіл автокөліктер соқтығысу салдарынан,  «KIA» автокөлігі толығымен  жанды. Өрт сағат 02.21-да оқшауланып, 02.36-да толық сөндірілді.

Сондай-ақ,  осы  күні  сағат 05.02-де Шымкент қаласы, Тоқаев көшесі бойындағы үйдің ауласында, «Toyota Land Сruiser-200» маркалы жеңіл автокөлігінің  мотор бөлігі және салоны  жанды.  Өртті сөндіруге 2 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 11 адам жұмылдырылды. Өрт сағат  05.08-да оқшауланып, сағат 05.20-да толығымен сөндірілді.

Материалдық  құндылықтарыңыздың тілсіз жаудың себебінен  отқа оранбасын десеңіздер өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыздар, темір тұлпарларыңызды уақытылы тексеруден өткізуді ұмытпаңыздар.

 Шымкент қ.ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Дата публикации
07 сентября 2020
Дата обновления
07 сентября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 апреля 2026
Дауылды ескерту
Ақпарат
27 апреля 2026
Штормовое предупреждение
Ақпарат
24 апреля 2026
Дауылды ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы