Меню

Страницы

Статья

Баланы терезеден құлаудан қалай қорғау керек

Балалардың терезеден құлауы көптеген саны 7 жасқа дейінгі жас кезеңінде болады. Егер осыны ескеретін болсақ, ең бірінші ереже: баланы қараусыз, сондай-ақ терезесі ашық бөлмеде қараусыз қалдырмау, тіпті егер оған қауіп туралы түсіндірсе де 7 жасқа дейінгі бала қызықты нәрселерді көруі мүмкін және ескертулер туралы ұмытып кетеді. ТЖ қызметкерлері айқара ашық терезе бүлдіршінді терезе алдындағы тақтайға шығуға ұрындырып, қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін екендігін ескертеді.

Москит торлары үлкен қауіп төндіреді: балалар оларға тіреледі және олармен бірге сыртқа құлап түседі, тиісінше оларға үміттенудің қажеті жоқ. Көптеген ата ‒ аналар москит торы – бұл бөгейтін кедергі деп санайды. Алайда, ол пәтерді тек жәндіктер мен мамықтан қорғайды, ал баланың салмағына есептелмеген. Тіпті бірінші қабаттан құлауы бала үшін жарақат алу қауіпі бар.

Осы және басқа да алдын алу шаралары туралы ТЖБ қызметкерлері профилактикалық рейд кезінде көп қабатты үйлердің тұрғындарымен әңгімелесті. Іс-шараны Абай, Тұран, Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды. Әңгімеден басқа, дауысзорайтқыш құрылғының көмегімен тұрғындарға балалардың биік үйлердің терезелерінен құлауын алдын алу бойынша ұсыныстар берілді.

Дата публикации
08 августа 2024
Дата обновления
08 августа 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
30 апреля 2026
Дауылды ескерту
Ақпарат
27 апреля 2026
Штормовое предупреждение
Ақпарат
24 апреля 2026
Дауылды ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы