Меню

Страницы

Статья

Антына адал құтқарушы

Өрт сөндіру кезекші қызметі жедел кезекшісінің орынбасары-Әліби Каденов Ақмола облысына су тасқыны салдарын жою жұмыстарын жасауға аттанған құтқарушылардың алдыңғы шебінде болды. Сын сағатта көмекке барған шымкенттік құтқарушылар толассыз жауған жауынға қарамастан алғашқы күннен-ақ жұмысқа белсене кірісіп кеткен еді. Әліби құтқарушылардың бір тобын алып Аршалы ауданына дамбыны нығайту жұмыстарын күндіз-түні тоқтаусыз жүргізді.

Біз Ақмола облысына 28 наурызда келдік. Келе сала су тарту, бөгеттерді нығайту жұмыстарына кірісіп кеттік. Көз алдымызда үлкен су ауылдарға жақындап келеді. Бір минутта дамылдауға болмайды. Күн демей түн демей жұмыс жасадық, өйткені осындай қиын жағдайға тап болған адамдардың бар үміті біз екенін жақсы түсіндік. Біздің алдымызда оларды қорғау міндеті тұрды»-деген Әліби ең қиыны адамдарды қауіпсіз аймаққа шығару сәті болғанын айтады.

"Физикалық тұрғыдан бөлек моральдық жағынан да ауыр болды. Үйлерін тастап, қайта келер-келмесін білмей бара жатқан тұрғындардың көзіндегі мұңды көру өте қиын" -дейді құтқарушы.

Атбасар, Целиноград аудандарында да ауылдардың су басуын алдын алу үшін жұмыстар тоқтаусыз жүргізілді. Әліби бастаған құтқарушылар тіпті инертті материал салынған қаптарды тиісті орынға жеткізу мүмкін болмаған кездерде мұз болып қатқан, күрек кірмейтін жерді қазып, суды ауылға жібермеу үшін дамбы соққан кездері болды. Осылайша бірнеше ауылға судың кіруінің алдын алған, уақтылы эвакуация жұмыстарын жүргізген шымкенттік құтқарушыларға тұрғындар дән риза болып, өз алғыстарын білдірген болатын.

"Кезекті су тасқыны салдарын жою жұмыстарынан кейін кешкі асқа отырған сәтте бір топ ауыл тұрғындары кіріп келді. Басында түсінбей абдырап қалдық. Сол кезде өзін сол ауданның белсендісімін деп таныстырған әйел кісі құтқарушылардың жасап жатқан еңбегіне халық шын риза екенін айтып, алғыс хат табыстап, жүрек жарды сөздерін айтқанда өте қатты толқыдық. Мамандығымның маңызды екенін шынайы тағы да бір рет сезіндім. Бұл күні бойы күннің суығында жұмыс жасағанымызды ұмыттырып, бізге одан әрі аянбай еңбек етуімізге күш-қуат берген сәт болды"-дейді ол.

Әліби бұл салаға келгелі 15 жылға жуық уақыт ішінде талай өрттерді сөндіруге қатысып, адам өмірі мен оның материалдық құндылықтарын құтқаруға қатысты. Ол бұл жұмыстарды жүргізуде алдына жан салмайтын тәжірибелі маман. Өрт қызметіне де кездейсоқ келмеген. Ол отбасылық династияның мүшесі. Әлібидің әкесі де осы салаға 30 жылын арнаған жан.

"Мен бала кезден форма киген әкемді көріп өстім. Оның өртті сөндіріп, қайсарлық танытқан сәттеріне де талай рет куә болдым. Сондықтанда әкеме еліктеп өрт сөндіруші боламын деп жастайымнан-ақ шешім қабылдап қойған болатынмын. Сол мақсатымды жүзеге асыру үшін М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына (сол кездегі Көкшетау техникалық институты) оқуға түстім. Қызметімді Астана қаласынан бастадым. Сонда алғашқы рет өртті сөндіруге қатыстым, сол кезде бұл мамандықты дұрыс таңдағаныма көз жеткізген болатынмын. Шымкент қаласына келіп түрлі лауазымда қызмет атқардым. Ірі созылмалы өрттерді сөндіруге де, авариялық-құтқару жұмыстарына да талай рет қатыстым. Мұның барлығы менің кәсіби шеберлігімді арттыруға өз септігін тигізді. Қазіргі кезде маңызды, жауапкершілігі жоғары өрт сөндіру кезекші қызметіндемін"- деген Әліби құтқарушылардың әрбір секунды санаулы, қауіпке толы, алайда қызметі құрметке лайық екендігін атап өтті.

Бір айдан асық уақыт су тасқыны орын алған аймақта қызмет атқарған Шымкент қаласы ТЖД күштер мен құралдары тәулік бойы дамбыларды нығайту үшін инертті материалдар салынған 21270 қап төсеп, 100 480 текше метр су сору жұмыстарын жүргізіп, нәтижелі аяқтап, орналасу орнына келді. Онда оларды құрметпен әріптестер мен отбасылары күтіп алды.

Күшіміз бірлікте деп білетін әрбір құтқарушы әрдайым көмекке дайын. Ал жан-тәнімен жұмысына берілген Әлібидей өрт сөндіруші-құтқарушылар тұрғанда адамзат баласына келер қауіп-қатер де аз болар деп сенеміз...

Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Дата публикации
28 мая 2024
Дата обновления
28 мая 2024
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Ақпарат
30 апреля 2026
Дауылды ескерту
Ақпарат
27 апреля 2026
Штормовое предупреждение
Ақпарат
24 апреля 2026
Дауылды ескерту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы