Шымкент қ.: 13 қазанда түнде және таңертең қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, 12 қазанда таңертең және күндіз, 13 қазанда тәулік бойы екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. 12-14 қазанда ауа температурасы түнде 13-15 градустан 4-6 градус жылыға, күндіз 23-25 градустан 9-11 градус жылыға дейін күрт төмендейді.