Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «ҚАЗГИДРОМЕТ» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша филиалының 2022 жылғы 15 қарашадағы дауылды ескерту ҚҚ №14 хатына сәйкес Шымкент қ.: 16 қарашада таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.