Внутренний конкурс

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

 Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 С-О-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

жұмыс өтілі екі жылдан кем емес (сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды).

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық жалақысы

 

Санаты

Еңбек сінірген жылдарына байланысты

min

maх

С-О-4

305232

356015

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті, индекс 160024,

Шымкент қ., Нұрсәт тұрғын үй алабы, ғимарат 4542, тел. 8/7252/ 95-57-11, электрондық пошта: ok_dchs_shym@emer.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

 

  1. Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің басшысы (С-О-4 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері:

Бөлімді басқару және қызметкерлердің жұмысына бақылау жасау; Департамент бастығына бөлім қызметкерлерін марапаттау, тәртіптік жауапкершілігі туралы ұсыныстарды енгізу; Бөлімнің жеке құрамымен тәрбие жұмыстарын жүргізу; Бөлімнің ережесін, бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлеу; Бөлімнің жылдық жоспарын, жоспардың орындалуы бойынша есептерді дайындауды ұйымдастыру; Департаменттің жылдық жоспарына ұсыныстар енгізу, жоспардың бөлімге қатысты іс-шараларын орындау туралы есепті дайындауды ұйымдастыру; Бөлімнің қызметіне қатысты құқықтық актілерді дайындауды ұйымдастыру;  Департаменттің іс жүргізу және құжат айналымын талдау; Департамент басшылығы қол қоятын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі негізгі және туынды құқықтық, басқару актілері мен құжаттар жобаларының мәтіндерін түпнұсқалығына редакциялауды қамтамасыз ету; «ҚБПҮ» және «Файлдық хабарламалар» белгісі бар құжаттарды есептік нысанда  тіркеу, орындаушыларды уақтылы таныстыру. «ҚБПҮ» және «Файлдық хабарламалар» белгісі бар құжаттардың сақталынуын қамтамасыз ету; «ҚБПҮ» және «Жасырын» белгілері бар құжаттардың, «ҚБПҮ» белгісі бар істер мен басылымдардың жай-күйі мен бар-жоғын  тексеруді ұйымдастыру, осы белгідегі құжаттар бойынша талдау жасау; Бөлімнің құзыреттілігі шегінде архив мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуге қатысу; Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте өзiнiң тiкелей басшысын немесе Департамент басшылығын ол жөнінде жазбаша түрде хабардар етуге; Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Бизнес, басқару және құқық (құқықтану және/немесе экономика және/немесе есеп және аудит); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық жүйелер және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету және/немесе информатика); педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) саласының мамандықтары бойынша.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

            Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

            1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (бұдан әрі – Өтініш);

            2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

           Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

            Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бір жұмыс күн ішінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды кандидаттардың Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, ішкі конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

            Әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу және эссе, сондай-ақ қажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарлайды. Хабарландыру кандидаттардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

            Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап келесі бір жұмыс күн ішінде ішкі конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

            Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 февраля 2026